×

“Ботқа молоч. Мен өскенде сұлы бидай асқабақ 6 ай...": жарымжан жарнамаға жұрт наразы

Кейін журналистер дүкенге арнайы барып, жағдайға көз жеткізген

“Ботқа молоч. Мен өскенде сұлы бидай асқабақ 6 ай...": жарымжан жарнамаға жұрт наразы
Фото: Qaz365.kz

Өскемен қаласындағы “InMart” дүкеніндегі тауарлардың қазақ тіліндегі аудармалары елдің наразылығын тудырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Атап айтқанда, сөрелерде тұрған тауарлардың мемлекеттік тілдегі жарнамасы сауатсыз жазылған. Алғашында бұны қала тұрғындары байқап, әлеуметтік желіге жариялады. Кейін журналистер дүкенге арнайы барып, жағдайға көз жеткізген.

Суреттерден “ботқа фрутоняня, сүт с бананом және яблоком бірі сұлы, ұн...» деген секілді шалағай аудармалар байқалады. 


Тағы бір жарнамада “Ботқа молоч. Мен өскенде сұлы бидай асқабақ 6 ай...» деп жазылған.

Бұған наразылар дүкен иелеріне жаза қолдануды сұрауда. Сондай-ақ олар мемлекеттік тілге қатысты Заңда осындай келеңсіздіктерді жоюға негізделген баптар жоғын айтып, өзгеріс енгізу қажет екенін жеткізуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында биыл 7 медициналық ұйымға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі
17.05.2024ж. 17:28

Түркістан облысында биыл 7 медициналық ұйымға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Техникалық қадағалаушы анықталған соң, жұмыс кестесі бекітіледі
Салынып жатқан үйлердің құрлысы тамыз айында аяқталады деп жоспарланған
Облыс аумағындағы дәрігерлерге деген тапшылықты жою мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →