×

Отандық өнім: Түркістан облысы экономиканы елдің өз өнімімен дамытуға бет бұрды

Қазақстандағы халқы ең көп облыста өндірістің түр-түрін таңдап, дөңгелетіп әкеткендер баршылық

Отандық өнім: Түркістан облысы экономиканы елдің өз өнімімен дамытуға бет бұрды
Фото: Qaz365.kz

Түркістан облысының Сауран ауданында экономика отандық өнімге сүйене ілгерілеп келеді. Бір қызығы, бұл өңірде жиһаз өндірісінің қарқыны назар аудартады.

Еңбек нарығы қызу өңір

Импорт, алып сату кез келген елдің экономикасын «тұтынушы» деңгейінде қалдыратындықтан, жіп шықса да отандық өнімнің маңызы да, қадірі де бөлек. Ал Түркістан өңірі – халқы еңбекқор әрі еңбек нарығындағы бәсекесі қызу өңір. Мұны халқының тығыздығымен де түсіндіруге болады. Қазақстандағы халқы ең көп облыста өндірістің түр-түрін таңдап, дөңгелетіп әкеткендер баршылық. Qaz365.kz тілшісі бұған дейін соның бірі Ұйғын Әбішевпен Түркістан өңіріне барғанда тілдесіп қайтқан еді.

Ұйғын – «Азия бренд» компаниясының негізін қалаушы. Әу баста бизнесті ешкімнен ештеңе сұрамай, шағын үйден бастаған. Қазір оның кәсіпорнында 150 адам жұмыс істеп жатыр. Жаңа технология әкелетін кезде ол субсидияға өтініш беріп, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы мен «Даму» қорынан қолдау тапқан. Солардың арқасында біраз техникаларын алып келген. Өнімнің сапасын арттырып, экспортқа шығару белесін де бағындырған. Былтыр жылына 22 мың дана жиһаз шығарып (оның 30 пайызы экспорт), енді биыл 1 мың орындық жұмыс орнын ашуды көздейді. Кәсіпкер өз өнімі импорт тауарларына баға жағынан да, сапа жағынан да төтеп береді деп есептейді. Ендігі кезекте, «Жайлы мектеп» жобасына қатысуға ниеттеніп отыр. Бұрын тендерге қатысып көрмеген компания енді кәсіптің бағын осы салада да сынап көрмек.

«Азия бренд» компаниясының өнімдері Түркістандағы Орталық базарда сатылады. Жұмысшылардың жалақысы 150-400 мың теңге аралығында. Операторлар 150 мың теңге, менеджерлер 250-300 мың теңге алса, мастерлерде 400 мың теңгеге дейін айлық бар. Компания 6 пайызбен 100 млн теңге несие алған. Соның арқасында экспортқа өнімін шығарған.

«Біздегі мәселе мынада: Италия, Түркия, Қытай, Ресей елдерінен шикізат келеді. Шикізаттың Қазақстанда тек 10 пайызы ғана шығарылады. Пластмассадан бастап шикізат түрлері қазір біздің елде де көбейіп жатыр. Десе де, шикізат өзімізде шығарылса жақсы болар еді. Жиһаз саласындағы шикізатты өндіру, жалпы өндірісті арттыру ісі елде енді ғана көбейіп жатыр. Бізге Қытай жақын. Дәл жиһазға керекті темір құрылымдарды жасайтын нақты кәсіпорын ашылмаса, бәсекеге төтеп беру өте қиын болады», – дейді ол.

«Азия бренд» компаниясының өнімдері Түркістандағы Орталық базарда сатылады. Жұмысшылардың жалақысы 150-400 мың теңге аралығында. Операторлар 150 мың теңге, менеджерлер 250-300 мың теңге алса, мастерлерде 400 мың теңгеге дейін айлық бар. Компания 6 пайызбен 100 млн теңге несие алған. Соның арқасында экспортқа өнімін шығарған.

«Өнімдерімізді көбінесе Ресейге, Қырғызстанға шығарып жатырмыз. Өзіміздің елдің әр облысында, ауданында бар. Шетелден сұраныс жоқ емес. Бірақ бізге қаражат пен тәжірибе керек», – дейді ол.

Кәсіпкер өз өнімі импорт тауарларына баға жағынан да, сапа жағынан да төтеп береді деп есептейді. Ендігі кезекте, «Жайлы мектеп» жобасына қатысуға ниеттеніп отыр. Бұрын тендерге қатысып көрмеген компания енді кәсіптің бағын осы салада да сынап көрмек.

Түркістан қаласында 2023 жылы 25,8 млрд теңгенің өнімі өндірілген. 2020 жылы бұл көрсеткіш 15,8 млрд.тг құрайтын.  Өнім өндіру 61 пайызға артқан. «Asia Brend» жиһаз өндіретін фабрикасы 1,5 гектарға орналасқан, 150 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.  Жылына 22 мың жиһаз жасап шығаратын кәсіпорынның жылдық тауар айналымы 1 млрд  теңгеден асқан. Отандық өнім Түркістанда ғана емес, Алматы, Астана, Шымкент, Қызылорда және Тараз қалаларында сатылымда. Сонымен қатар, Ресей мен Қырғызстанға экспортталады.

Әлбетте, кез келген тауарды өндіргенде оның өзіндік құны шықпаса, кәсіппен айналысудың мәні де қалмайды. Ал тауар өндірісі деген бір-бірімен тығыз байланысты сала. Сол себепті кәсіпкерлер ең алдымен, кез келген тауар құрылымының өзін Қазақстанда жасалатындай жағдай болса деп ойлайды. Әйтпегенде, тауардың әр құрылым, сайманын шет елдерден әкелудің құны қымбаттай бермек. Өзіндік құн өсе берсек, екінің бірінің кәсіп бастауға жүрегі дауаламайды.

Өңір басшысы не дейді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды таяуда Сауран ауданындағы бірнеше нысанды аралап, кәсіпкерлермен кездескен. Сауран ауданында жиһаз өндірісі жақсы дамып келе жатқанына өңір басшысы назар аударады. Бұл жолы әкім ауданға қарасты Оранғай ауылдық округінде «RICH HOME FURNITURE» жиһаз цехының жұмысымен танысқан. Жаңа өндірістік цех заманауи технологиялармен жабдықталған, жылына 500-ден астам үй жиһаздарын шығаруға қауқарлы. Экспорттың негізгі көлемі Орал, Ақтөбе сондай-ақ Қызылорда, Түркістан қалаларына жіберіледі.

Жиһаз жасаушы өндірістің әлеуеті зор. Негізгі арнайы жабдықтарды шетелден алдыртады. Жиһаздардың бірегей үлгісі Ресей, Түркия, Беларусь, Қытай және Италияның сапасы мен дизайны бойынша жасалынуда. Осылайша отандық тауарлар ішкі нарықта сұранысқа ие, өзінің өнім көлемін айтарлықтай арттырып отыр.

– Облыста шағын кәсіпкерлікті, өндірісті дамыту бағытында мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қолдаулар көрсетілуде. Бүгінде өңірде жиһаз кластерін дамыту жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Ол үшін арнайы жер бөлініп, жеңілдіктер қарастырылған, – деген облыс әкімі аудан әкімі мен жауапты басқарманың басшыларына кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын ширату жөнінде тапсырма берді.

Аудан бойынша 2025 жылға дейін 61,4 млрд. теңгенің 102 инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланған. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі саласында 23 жоба жүзеге аспақ. Сауранда 12 жиһаз цехын іске қосу жоспарда бар. Оның 9-ы жұмысын бастады.

Жиһаз саласында Түркістан өңірінің әлеуеті жоғары. Осыған орай жиһаз кластерін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Онда жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады. Облыс Жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандарына қажетті жиһардар отандық өндірушілерден сатып алынады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Мәжіліске келіп түскен жобада ставкаларды саралау көзделеді
Қазақстанда венчурлік капиталды дамыту қаншалықты тиімді?

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →