×

«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫ бизнес бағытындағы ағартушылықты қолдай бастады

Бірлескен меморандумға қол қойылды

«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫ бизнес бағытындағы ағартушылықты қолдай бастады

2024 жылы 17 мамыр күні  Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен SANA FOUNDATION қоғамдық қоры арасында бірлескен меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кездесуде кәсіпкерлік саласында қазақ тілінің мәртебесін арттырудың жолдары мен қолдану аясын кеңейту жобалары талқыланды.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы 1989 жылдан бері ҚР Ата заңы (Конституциясы), Тіл туралы Заңы, өзінің Жарғысы және Халықаралық нормалар негізінде қызмет жасайтын ұйым. Омбы, Орынбор, Астрахань, Қорған, Санкт-Петербург, Саратов, Волгоград қаласында, Моңғолия, Түркия, т.б. қалаларында бөлімшелері бар.

Меморандумға тұңғыш қазақ тіліндегі экономикалық-бизнес форумын ұйымдастырған, кәсіпкерлік ағартушылықпен айналыса отырып, зияткерлік, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын SANA FOUNDATION атынан  белгілі экономист, тәуелсіз сарапшы Мақсат Халық келді.

Іскерлік этика мен кәсіпкерлік кодты қалыптастыруды мақсат еткен келісім бірлескен іс-шаралар, семинарлар мен форумдар өткізуге, бизнес әдебиет пен материалдарды көбейтуге, қазақ тілінде сапалы медиа және онлайн контентті дамытуға жалғаспақ.

Сондай-ақ кәсіпкерлік жауапкершілік негізінде зияткерлікті қалыптастыру мен ағартушылықты трендке айналдыру мақсатында әлеуметтік жобалар легі жоспарланды. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Мәжіліске келіп түскен жобада ставкаларды саралау көзделеді
Қазақстандағы халқы ең көп облыста өндірістің түр-түрін таңдап, дөңгелетіп әкеткендер баршылық

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →