×

"Наурыз" бағдарламасы: Тұрғын үй бағасы шарықтап кетпей ме

Үміткерге баспана іздеуге 6 ай уақыт беріледі

"Наурыз" бағдарламасы: Тұрғын үй бағасы шарықтап кетпей ме
Фото: depositphotos.com

"Наурыз" бағдарламасы бойынша оң мақұлдау алған үміткерге баспана іздеуге 6 ай уақыт беріледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Осы бағдарлама аясында сатылатын тұрғын үйдің барлығы "Отбасы банктің" тиісті мамандарының елегінен өтеді. Яғни, келісіледі.  "Отау", "Наурыз" бағдарламасы арқылы пәтерлерді сатамын деген құрылыс компаниялары бағасын бізге жібереді. Біздің мамандар оның бүгінгі таңдағы орташа нарықтық бағаға сәйкестігін тексереді. Егер келіскен жағдайда, порталға тұрғын үй енгізіледі. Одан кейін құрылыс компаниясы жылдың соңына дейін бағаны өсірмеу бойынша міндеттеме алады", - деді "Отбасы банк" АҚ Басқарушы директоры - Орталық филиал директоры Жансұлтан Матай.

Оның айтуынша, осы механизм нарықтағы бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін қолданылып отыр.

"Қазақстанда жыл сайын 360 мыңға жуық сатып алу мәмімелері жасалады. "Отбасы банк" былтыр 68 мыңға жуық заем берді, бұл жылда жасалатын мәмілелердің шамамен 18-20 пайызы ғана. "Отау" бағдарламасы бойынша айтсақ, жылдың соңына дейін 8 мың келісімшарт жасалады. Бұл 2 пайыз. Сондықтан мұндай шағын пайыз жалпы бағаның ауытқуына әсер етпейді деп есептейміз", - деді Жансұлтан Матай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Қазақстанның үздік тауары»: 70-ке жуық ұлытаулық кәсіпкер өңірлік көрме-байқауына қатысты
12.07.2025ж. 19:42

«Қазақстанның үздік тауары»: 70-ке жуық ұлытаулық кәсіпкер өңірлік көрме-байқауына қатысты

«Бір ауыл – бір өнім» мемлекеттік бағдарламасының өңірлік кезеңі өтті
Көрме жәрмеңке форматында өтіп, қонақтарсатып алу мүмкіндігіне ие болған
Қазақстандық лоукостер Skytrax World Airline Awards 2025 жүлдесіне ие болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →