×

Адвокаты Бишімбаевтың жазасын қайда өтейтінін айтты

Қазақстанда мұндай санатта 13 түзету колониясы бар

Адвокаты Бишімбаевтың жазасын қайда өтейтінін айтты
Фото: ашық дереккөзден

Әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев жазасын Аршалы ауылында өтеуі мүмкін. Бұл туралы адвокат Ерлан Ғазымжановтың айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жазасын Аршалыда өтейтін болуы керек. Бізде соттан кейін сотталушыларды нақты бөлу ісімен қылмыстық-атқару жүйесі комитеті айналысады. Мұнда басымдық сотталған адамның туған-туыстарының тұрған жеріне басымдық беріледі. Яғни сотталған адамның туған-туыстарымен әлеуметтік байланысының болуы ескеріледі. Астанаға ең жақын ондай мекеме – Аршалы», – дейді Ерлан Ғазымжанов Айран ютуб-арнасына берген сұхбатында.

Адвокат десе де Қазақстанда мұндай санаттағы түзету колонияның саны 13 екенін айтады. Егер Аршалыда орын болмаса, оны Қазақстанның басқа өңіріндегі колонияға жіберуі мүмкін.

Аршалы Астанадан шамамен 70 шақырым жерде орналасқан ауыл. Ақмола облысына қарайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Кеше, 23:55

23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Болжам бойынша, Mercedes көлігінде әйел бес баласымен бірге отырған
Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →