×

Алматыда бұрынғы әйелін лифт алдында соққыға жыққан ер адам ұсталды

Аталған жағдайға Алматы қаласы полициясы түсініктеме берді

Алматыда бұрынғы әйелін лифт алдында соққыға жыққан ер адам ұсталды
Фото t.me / dina_tansari

Алматыда көпқабатты үйлердің бірінде ер адам бұрынғы әйелін аяусыз ұрып-соққаны видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Онда лифт алдында тұрған екі ер адамның қасына әйел жүгіріп барады. Артынша бұрынғы күйеуі барып, ұрып-соғады. Желі қолданушылары оқиға куәгерлерінің үнсіз қарап тұрып, әйелге көмектеспегеніне қынжылған.

Аталған жағдайға Алматы қаласы полициясы түсініктеме берді.

«Ұрып-соғу фактісі бойынша іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Ол міндетті түрде жауапқа тартылады. Сонымен қатар жәбірленуші дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады», – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ала алмаймын»: 5 жылға сотталған журналистке пара ұсынғандардың видеосы тарады
30.04.2026ж. 18:00

«Ала алмаймын»: 5 жылға сотталған журналистке пара ұсынғандардың видеосы тарады

Желіде 5 жылға сотталған Арай Есенбектің парадан бас тартқан видеосы тарады 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →