×

Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады — Парламент депутаты

Депутаттың тіл тақырыбында бұлай өткір жазуының жөні бар

Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады — Парламент депутаты
Ашық дереккөздерден

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан қазақ тілін білмейтін отандастарын сынап, әлеуметтік желіге жазба қалдырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Астанаға өңшең намыссыз, арсыз қазақтар жиналады білем, дәл Астанадағыдай өз тілінен безген өресіз ата-аналарды еш жерден көріп, еш жерден кездестірмеппін! – деп сойып салды Абзал Құспан.

Депутат осы жазбаны елордадағы Алатау саябағын аралап жүріп алған әсерінен кейін жазған. Айтуынша, саябақта 99 пайыз қазақтар жүрсе де, соның 90 пайыздан астамы орысша сөйлейді.

Депутаттың бұл постына қатысты әркім әртүрлі пікір қалдырып жатыр. Қолдаушылар көп болғанымен,

“Парламенті заңды орыс тілінде жазатын ел ғой, неге түңілдіңіз?” – деп депутаттың өзін де түйреп өткендер бар.

Депутаттың тіл тақырыбында бұлай өткір жазуының жөні бар. Мәжіліске келмей тұрып, ол елде өткір талқылауға түскен Руза Бейсенбайтегінің ісінде, Эйр Астана компаниясымен соттасқан Оғыз Доғанның ісінде қазақ тілі жанашырларын қорғап, адвокат болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →