×

Әлихан Смайылов: Астана әлі де «көк түтінге көміліп» тұр

Ол халықты газбен қамтудағы проблемаларды атады

Әлихан Смайылов: Астана әлі де «көк түтінге көміліп» тұр
nur.kz

Үкіметте елді мекендерді газбен қамту барысы қаралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мемлекет басшысы елді газдандыруды 60 пайызға жеткізу міндетін қойды. Жалпы, 11,8 миллионнан астам халқы бар 1800-ден астам елді мекен «көгілдір отынға» қосылуы тиіс.

«Бұл тапсырманы Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» және «QazaqGaz» компаниялары әкімдермен бірлесіп толық көлемде орындауы керек», - деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ ол халықты газбен қамтудағы проблемаларды атап өтті.

«2019 жылы салынған «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының бойында тиісті инфрақұрылым тартылып, қажетті іске қосу кешендері орнатылды. Бұл ретте, Энергетика министрлігінің негізгі міндеті – газды өндіру, қайта өңдеу және өңірге дейін жеткізу. Ал, әкімдіктердің міндеті – осы газды тұтынушыларға дейін жеткізу, қосылу рәсімін қолжетімді, қарапайым және түсінікті ету. Сонымен қатар, Астана қаласы, Қарағанды және Ақмола облыстарының тұрғындарын көптен күткен газға қосу қарқыны өте төмен деңгейде қалып отыр. Бұл өңірлердің тұрғындары газ тарату желілері жоқ, рұқсат құжаттарын алу қиын және газға қосылу қымбат деп шағымданады. Бұл осы өңірлерге ғана емес, сонымен қатар газбен қамтылған басқа өңірлерге де қатысты», - деді Әлихан Смайылов  Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, Алматы облысының Биғаш ауылында тұрғындарға газ өткізуге 10 жыл бойы уәде беріліп келеді. Түркістан облысының Төле би ауданындағы Алшалы ауылының тұрғындары да бірнеше жылдан бері көгілдір отын күтіп жүр. Батыс Қазақстан облысының Зеленое ауылында газ 2014 жылы өткізілген. Бірақ, осы күнге дейін әкімшілік ғимараттар ғана қосылған.

«Ауылдық елді мекендерден басқа қалаларда да халықты газбен қамтамасыз етуде проблемалар бар. Нәтижесін өздеріңіз көріп отырсыздар, Астана әлі де «көк түтінге көміліп», ауаның ластану деңгейі бойынша әлемдік рейтингтерде көш бастап тұр. Алматыда 2-ші Жылу электр орталығында жаңа бу-газ қондырғысын салу мерзімі кейінге шегерілуде. Өңір әкімдері мен «Қазақгаз» компаниясына осы мәселелерді ерекше бақылауға алу керек. Халықпен етене жұмыс істеп, барлық мәселені шешу қажет», - деді Әлихан Смайылов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында биыл 7 медициналық ұйымға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі
17.05.2024ж. 17:28

Түркістан облысында биыл 7 медициналық ұйымға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Техникалық қадағалаушы анықталған соң, жұмыс кестесі бекітіледі
Салынып жатқан үйлердің құрлысы тамыз айында аяқталады деп жоспарланған
Облыс аумағындағы дәрігерлерге деген тапшылықты жою мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →