Риддердегі ЖЭО-да тағы да апат болды

Qaz365.kz редакциясы

№1 және №2 қазандық апаттық жағдайда өшірілді

gov.kz

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы жылу электр орталығында тағы да апат болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, жылу электр орталығындағы апат 28 ақпанда сағат 3.45-те болған.

«№1 және №2 қазандық апаттық жағдайда өшірілді. Ал, сол уақытта №3 және №4 қазандық қана жұмыс істеп тұрды. Қазір №2 қазандықты жөндеу жұмыстары аяқталып, ол іске қосылды. №1 қазандық та қалыпқа келтіріліп, қосылуға дайындалып жатыр», - дейді шаһар басшысы Дмитрий Горьковой.