LRT құрылысына келесі айда ақша бөлінеді

Qaz365.kz редакциясы

Бұл жөнінде Үкімет кулуарында Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі мәлім етті

nur.kz

Қаражаттың бір бөлігі вагон сатып алуға жұмсалады. Бұл жөнінде Үкімет кулуарында Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұған дейін Astana LRT құрылысына қатысты біз және басқа да әріптестеріміз түсінік берген. Биыл Astana LRT құрылысына байланысты 50 млрд теңге қосымша қаржы қарастылған. Бүгін таңертең республикалық бюджет комиссиясының отырысы болды. Сонда тиісті қаржыны бөлу мәселесін қарастырдық», - деді Марат Қарабаев Үкімет кулуарында.

Десе де, алдымен мәселе Парламентте қаралады. 

«Осы жылдың сәуірінде қаржыны әкімдікке береміз деп жоспарлап отырмыз. Біз әкімдікпен де сөйлестік. Олар екі мәселені көтерді. Біріншіден, (Astana LRT құрылысын) әуежайдан бастаймыз деді, екіншіден, пойызды сатып алуды қаржыландырамыз деп отыр. Бүгін жобаға қаржы бөлу мәселесін республикалық бюджетте қарастырдық. Одан кейін жергілікті органға жер беру, ол мердігерге жер беру мәселесі бар. Соның нәтижесінде құрылыс басталады», - деді ол.