Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр
Әлеуметтік желіде белгісіз біреулердің «Қазақмыс» компаниясының қызметкерін ұрып-соққан видеосы пайда болды. Полицейлер болған оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлады qaz365.kz тілшісі kaztag.kz-ке сілтеме жасап.
«Әлеуметтік желілердің мониторингі барысында екі ер адамның бір кісіні соққыға жыққан бейнежазбасы тарады. Аталған жанжал Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» компаниясына қарасты “Жомарт” кенішінің аумағында орын алғаны анықталды. Бұл факт ҚР ҚК 293-бабы "бұзақылық" бойынша тіркелді», - деп хабарлады полиция.
Ұлытау облысының ПД қызметкерлері екі күдіктіні ұстаған. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.