Алматыда екі қоғамдық көліктің соқтығысуынан ірі жол апаты болды

Qaz365.kz редакциясы

Сол сәтте бағдаршам жұмыс істемей тұрған

Алматыда екі қоғамдық көліктің соқтығысуынан ірі жол апаты болды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, түрлі дене жарақаттарымен 17 адам қалалық ауруханаларға жеткізілген. Апат салдарынан барлығы 19 адам зардап шеккен, біреуі медициналық көмектен бас тартты. Бір жәбірленуші жедел жәрдем келгенше қаза болған.

Оның айтуынша, 201-ші маршруттағы автобус Төле би көшесімен тура жүрді, екінші автобус Абылай хан көшесімен жоғары қарай жүрді.

“201-ші маршруттағы автобус Төле би көшесімен тура жүрді, екінші автобус Абылай хан көшесімен жоғары қарай жүріп бүйірінен соқты. Тротуарда екі адам тұрған еді. Олар тіпті не болғанын түсініп те үлгермей қалды. Екі автобус соқтуысу екпінімен оларды басып өтіп, ағашқа барып соғылып тоқтады. Сол сәтте бағдаршам жұмыс істемей тұрды. Оны реттеуші де болмады. 10-нан астам адам зардап шекті", –  деді оқиғаның қалай болғанын айтқан куәгер.

Оқиға орнына құтқару қызметкерлері келіп, зардап шеккендерді автобустың астынан шығаруға кірісті.