Министр Оралов Сәпиевтің балуанмен ұстасқан оқиғасы жөнінде пікір білдірді

Qaz365.kz редакциясы

Оралов бұл мәселеге қысқа ғана жауап берді

видеодан кадр

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов бұл мәселеге қысқа ғана жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Ешкім жұмыстан шыққан жоқ, ешкім сабақтан босатылған жоқ", - деді ол үкімет кулуарында.

Еске сала кетсек, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев жас балуанмен төбелесіп қалған еді. Оқиға Алматыда өтіп жатқан Naiza 49 турниріндегі Batyrball ойынында болды.

Эпизодтардың бірінде «Север-Юг» командасының мүшесі бұрынғы боксшы Сәпиевке қарсы күрес қимылын жасап, шағын төбелес басталып, ол тез арада ажыратылған. Матч біткен соң, спортшылар бір-бірімен қол алысқанда, төбелес қайта басталып кете жаздаған.

Кейін спортшы мен оның бапкері "бүкіл қазақ елінен кешірім сұраған" еді. Осы оқиға ел ішінде едәуір талқыланып, кейбірі Сәпиевті, ал кейбірі спортшы балуанды кінәлаған болатын.

Batyrball – Қазақстанда ойлап табылған бірегей спорт түрі. Ол баскетбол мен күрес элементтерін араластырады. Сонымен, шайқас сегізбұрышында сақина орнатылып, үш адамнан екі команда ойнайды.