Енді жұмыс берушілер қызметкерін демалыс күні олардың келісімімен ғана шақыра алады

Qaz365.kz редакциясы

Мұны қызметкердің өзі ғана шешеді

kakprosto.ru

Еңбек кодексіне енгізілген түзетуге сәйкес, жұмыс берушілер енді қызметкерлерді жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін олардың келісімімен ғана шақыра алады, деп хабарлайды qaz365.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, жұмыс берушілер жұмысшыларды олардың келісімінсіз жұмыс уақытынан кейін жұмысқа тарта алмайды.

"Жұмыс беруші мейрам күндері немесе жұмыстан кейінгі уақытта қызметкерді жұмысқа тартса, онда ол жұмыс берушіге хабарлама беруі керек. Одан соң жұмыскердің өзі қалаймын немесе қаламаймын, мереке күні жұмысқа шыға алмаймын деп жазуы мүмкін. Бірақ бірден айтайын, бұл Төтенше жағдайға, жедел жәрдемге қатысты нәрсе емес. Еңбек кодексімен қабылданғандықтан, бұл ереже барлық компанияға жүреді. Себебі еңбек шартында жұмысшының сағат қаншадан қаншаға дейін жұмыс істейтіні көрсетіледі. Еңбек шартында қандай уақыт жазылса, сол уақытта жұмыс істеуі шарт", – деді  Тамара Дүйсенова

Келіспеген жағдайда кейде қызметкерлер басқа себептермен жұмыстан босатылуы мүмкін. Осындай жағдай туындаған кезде жұмысшылардың өз құқығын қалай қорғауы тиіс?

"Еңбек шарты бар, онда жұмыс уақыты көрсетілген. Бұл норма Еңбек кодексінде болады. Әр адам өз кәсіпорны қандай жағдайда екенін біледі, соған қарай бас тарта алады немесе келісе алады. Сондықтан біз қызметкердің құқығын өзіне қалдырамыз", деп түсіндірді министр.

Түзету жиында қабылданған жаңа Әлеуметтік кодекстің ілеспесі болып есептеледі.