Шымкентте оқушылар жаппай уланды: министрлік түсініктеме берді

Qaz365.kz редакциясы

Қазір балалар дәрігерлердің қарауында, ал жағдай бақылауға алынды

deita.ru

Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласында мектеп оқушылары жаппай уланды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды qaz365.kz.

Шымкентте оқушылар арасында өтіп жатқан математика олимпиадасы дауға айналды. Жарысқа қатысқан он бес шақты бала улану белгісімен ауруханадан бір-ақ шыққан.

"Олимпиадаға қатысқан 904 оқушының 12-сі кешке қарай өзін жайсыз сезінген. Дене қызуы көтеріліп, асқазан-ішек жолдары функциясы бұзылған", - деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігі.

Куәгерлердің айтуынша, балаларды “жедел жәрдеммен” жұқпалы аурулар ауруханасына әкеткен.

Санитарлық дәрігерлер жасөспірімдердің улану себебін анықтап жатыр. Әлеуметтік желі қолданушылары уланған балалар саны он екіден көп деп отыр. Қалғандарын ауруханаға жатқызу қажет болмаған.