Өрт қоймада шығып, тауар контейнерлерін шарпыған
Алматыда Барахолка базарларының бірінде өрт шықты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 11 қарашада сағат 10:56-да Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданындағы 7 Б мекенжайына өрт сөндіруге барған.
"Кептеліске қарамастан, алғашқы бригада 8 минутта жетті. Өртсөндірушілер барғанда контейнер жанып, айнала қою түтін болған. Күштер мен құралдар дереу өртті сөндіруге кірісті, өрт саптамаларын, газ және түтіннен қорғау қондырғыларын әкелді. Қызмет адамдардың бар-жоғына барлау жүргізді. Жағдай бейнебақылау камералары арқылы бақылауға алынды", - делінген хабарламада.
Соңғы деректер бойынша, өрт өшірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда. Оқиға орнынан эксклюзивті видео біздің телеграм-парақшада.