Барахолка базарларының бірінен өрт шықты

Qaz365.kz редакциясы

Өрт қоймада шығып, тауар контейнерлерін шарпыған

Inform.kz

Алматыда Барахолка базарларының бірінде өрт шықты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 11 қарашада сағат 10:56-да Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданындағы 7 Б мекенжайына өрт сөндіруге барған.

"Кептеліске қарамастан, алғашқы бригада 8 минутта жетті. Өртсөндірушілер барғанда контейнер жанып, айнала қою түтін болған. Күштер мен құралдар дереу өртті сөндіруге кірісті, өрт саптамаларын, газ және түтіннен қорғау қондырғыларын әкелді. Қызмет адамдардың бар-жоғына барлау жүргізді. Жағдай бейнебақылау камералары арқылы бақылауға алынды", - делінген хабарламада.

Соңғы деректер бойынша, өрт өшірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда. Оқиға орнынан эксклюзивті видео біздің телеграм-парақшада.