Тауарлар бағасы бір жылда екі есе өскен - видео авторы

Qaz365.kz редакциясы

Бағаларды салыстырған жігіт әсерін жасыра алмады

Видеодан кадр

Желіде жас жігіттің бір жыл бұрын дүкенде сауда жасаған түбіртегін сақтап жүрген видеосы шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.
Онда азық-түлік бағасының бір жылда екі есеге өскенін нақты көрсеткіштер арқылы дәлелденген.

«Мен бұл түбіртекті осы видеоны түсіру үшін арнайы сақтадым. Қазір осы түбіртектегі тізім бойынша сауда жасаймын. Бағалардың қаншалықты өскенін бірге көрейік», - дейді видео авторы.

Тауарлардың бағасын көрген жігіт әсерін жасыра алмады.

«Мәссаған, өткен жылы дәл осы уақытта жеміс шырынын 499 теңгеге алсам, қазір 939 теңге тұрады. Екі есе қымбаттаған! Дәретхана қағазы да 1119 теңгеден 1709 теңгеге өсіпті. Сабынның екеуін былтыр 596 теңгеге алсам, қазір біреуінің бағасы 849 теңге тұрады. Қарақұмық жармасының екеуіне былтыр 1200 теңге төлесек, биыл біреуінің өзі 1119 теңге тұрады екен, ал күріштің келісі 725 теңгеден 1219 теңгеге секірген», - дейді.

Қолдан өсіретін қызанақтың бағасы да Қазақстанда өспейтін бананнан қымбат.

Сөйтіп, видео авторы тауарлардың бағаларын салыстыру арқылы Қазақстанда қымбатшылықтың шарықтап тұрғанын көрсеткен.