Күдебаевтың қайда қашқаны белгілі болды

Qaz365.kz редакциясы

Ол Бішкек арқылы Түркияға ұшып кеткен

Ашық дереккөздерден

Алматы және Жетісу полиция департаменттерінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың қайда қашқаны белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қырғыз Республикасының шекара қызметінен алған ақпаратқа сәйкес, Күдебаев 23 наурыз күні Бішкек қаласындағы Манас халықаралық әуежайынан Түркияның Ыстамбұл қаласына ұшып кеткен.

Айта кетейік, кеше қаңтар оқиғасы бойынша тергеліп жатқан Алматы және Жетісу полиция департаменттерінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың сот үкімі шыққанға дейін елден қашып кеткені туралы хабарланған еді.

Оған халықаралық іздеу жарияланды.