«Тек талонмен»: Әкімнің экс-орынбасары Алматыда дизель отынының тапшы екенін айтады

Qaz365.kz редакциясы

Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары Шыңғыс Мұқан Алматыда дизельді талонмен ғана алу мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі. 

“Алматыда дизель жоқ. Тек қана талонмен ала аласың. Кітап таситын көлігіміз тұрып қалды. Арамызда дизель сататын адам бар ма?”, – деп жазды ол өзінің facebook парақшасында. 

Естеріңізге салсақ, елімізде 12 сәуірден бастап, бензин мен дизель отыны 20 пайызға қымбаттайтыны туралы жазған болатынбыз. АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасы литріне 205 теңгеге дейін, ал дизель отыны литріне 295 теңгеге дейін өседі.