×

"Бұл - қиын": Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасы қымбаттайды

Орташа есеппен өсім – 20%

"Бұл - қиын": Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасы қымбаттайды
коллаж Qaz365.kz

Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасы қымбаттайды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ішкі нарықтағы жанармай жағдайын тұрақтандыру үшін Қазақстанның көрші елдермен салыстырғандағы баға бойынша айырмашылығын азайту қажет. Бұл - қиын, бірақ қажет шешімге баруымыз  керек. Яғни бөлшек саудадағы жанармай бағасын көтеру қажет. Осы тұрғыда АИ-92 және АИ-93 маркалы бензинге бағаны литріне 182-187 теңгеден 205 теңгеге дейін жеткізілмек (өңірге байланысты), өсім – 11%.  Дизель отынының бағасы литріне 295 теңгені құрайды, орташа есеппен өсім – 20%. Қазір өңірге байланысты баға 230 теңгеден 260 теңгеге дейін болып тұр. Осындай бұйрықтың жобасы бүгін жарияланатын болады, - деді Болат Ақшолақов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →