×

«68 жасында Бишімбаевтың тірі болуы да екіталай»: Айтбек Амангелді сот шешімі туралы айтты

Ол сот шешіміне қатысты пікір білдірді

«68 жасында Бишімбаевтың тірі болуы да екіталай»: Айтбек Амангелді сот шешімі туралы айтты
Фото: Jogargy_sot

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевқа тағайындалған жазаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұл біз шамамен күткен және болжаған мерзім болды деп айта аламын. Ол түрмеден шыққан кезде 68 жасқа толады.  Қамаудағылардың жағдайын ескерсек, тіпті оның ол кезде тірі болатыны да белгісіз. Біз бар күшімізді салып, діттеген ойымызға жеттік», - дейді Айтбек Амангелді.

Айта кетейік, бүгін Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды. 

Оған «қинау» (110-баптың 2-бөлігі) және «аса қатігездікпен адам өлтіру» (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған.

Ал аса ауыр қылмысты жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →