×

Жұмыссыз азаматтар су тасқыны болған өңірлерге үй салыса алады

Министрлік бұл жобаға «Бірге салайық!» деп ат қойған

Жұмыссыз азаматтар су тасқыны болған өңірлерге үй салыса алады
Фото: @KZgovernment

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің инфрақұрылымын қалпына келтіріп, жаңадан үй салуға жұмыссыз жүрген азаматтарды тарту туралы бастама көтерді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрлік бұл жобаға «Бірге салайық!» деп ат қойған. Құрылыс компаниялары ұсынатын бос жұмыс орындарын Электрондық еңбек биржасынан көруге болады.

«Бұл жобаның маңыздылығы сол, біз жұмыс табуға және су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіруге қатысуға ниет білдірген әрбір адамды жедел жұмысқа орналастыру үшін цифрлық ортаны қамтамасыз етеміз. Қазіргі уақытта біз жұмыс берушілер базасын және бос жұмыс орындарын толықтырып жатырмыз. Өңірлер үшін кім-кімнің де қатысуы өте маңызды, өйткені, қазір білікті мамандар да, бейінді білімі жоқ мамандар да қажет екенін айта кету керек», – деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, су тасқыны салдарынан Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары мен инфрақұрылымы зардап шекті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматының бір топ тұрғынын алдаған күдікті Украинадан экстрадицияланды
Бүгін, 17:23

Алматының бір топ тұрғынын алдаған күдікті Украинадан экстрадицияланды

Құқық қорғау органдары оған халықаралық іздеу жариялады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →