Қазақшаға шорқақ жаңа министрге депутаттар бірден ескерту жасады

Qaz365.kz редакциясы

Ол «Жылу энергетикасы туралы» жаңа заң жобасын таныстырған

Іnformburo.kz

Бүгін Мәжілістегі комитет отырысына су жаңа энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев келген. Ол «Жылу энергетикасы туралы» жаңа заң жобасын таныстырған. Бірақ мемлекеттік тілге шорқақ министр депуаттардан сөз естіді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутат Бақытжан Базарбек ескерту жасады. 

“Біріншіден, біз бәріміз – мемлекеттік қызметкерміз. Екіншіден, бұл – үлкен шара. Дайындықпен келу керек. Үшіншіден, қазақша сөйлей алмасаңыз, жаныңызда қазақша жауап бере алатын көмекшіңіз болуы керек”, – деді депутат.

Айта кетейік, Алмасадам Сатқалиев бұған дейін «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорын басқарған. Жаңа министр Болат Ақшолақовты алмастырды. 

Келесі аптадан бастап, елде жанар-жағармай бағасы қымбаттайды.