Рекордтық көрсеткіш: 2022 жылы Қазақстанға тікелей шетелдік инвестиция ағыны 28 миллиард долларға жетті

Qaz365.kz редакциясы

Үкіметтің айтуынша, бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш

ашық дереккөзден

Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың рекордтық көлемі тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 28 млрд долларды құрады. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 17,7% көп (23,8 млрд доллар). Сондай-ақ бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш – 2012 жылы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 28,9 млрд доллар болған.

Республикаға тартылған инвестициялар көлемі бойынша көш бастап тұрған елдер:

- Нидерланд – 8,33 млрд доллар (өсім – 19,7%),

- АҚШ – 5,1 млрд доллар (+81,9%),

- Швейцария – 2,8 млрд доллар (+2,4%),

- Бельгия – 1,56 млрд доллар (+46%),

- Ресей – 1,52 млрд доллар (-19,7%),

- Оңтүстік Корея – 1,48 млрд доллар (+84,8%),

- Қытай – 1,43 млрд доллар (-22,5%),

- Франция – 770,2 млн доллар (+27,4%),

- Ұлыбритания – 661 млн доллар (-35,7%),

- Германия – 469,5 млн доллар (+45,4%)

Инвестициялар ең көп тартылған салалар:

- тау-кен өнеркәсібі – 12,1 млрд доллар (+25%),

- өңдеу өнеркәсібі – 5,6 млрд доллар (+3%),

- көтерме және бөлшек сауда – 5,08 млрд доллар (+36%),

- кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 1,1 млрд доллар (өсім – 2,1 есе),

- көлік және қоймалау – 1,1 млрд доллар (+14%),

- құрылыс – 698 млн доллар (-3%),

- қаржылық және сақтандыру қызметі – 650 млн доллар (-60%),

- электрмен жабдықтау және газ беру – 635,6 млн доллар (өсім – 2,8 есе).

Өңірлер арасында шетелдік капиталды тартуда аса белсенділік танытып отырған өңірлер:

- Атырау облысы – 8,2 млрд доллар (+48%),

- Алматы – 7,57 млрд доллар (+11%),

- Астана – 2,25 млрд доллар (өсім – 2 есе),

- ШҚО – 2,2 млрд доллар (+3%),

- БҚО – 1,12 млрд доллар (+7%),

- Алматы облысы – 698,2 млн доллар (+47%),

- Ақмола облысы – 376,3 млн доллар (өсім – 6,3 есе),

- Қызылорда облысы – 336,5 млн доллар (+36%),

- СҚО – 105,7 млн доллар (өсім – 3 есе),

- Жамбыл облысы – 62 млн доллар (өсім – 3 есе).