Алматыда әйел адамның басын пакетке салып, базарға лақтырып кеткен

Qaz365.kz редакциясы

Қылмысты ашуға және оның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде

стоп-кадр

Алматыда әйел адамның басын пакетке салып, базарға лақтырып кеткен. Бүгін журналист Асқарбек Қазанғап осындай ақпарат таратқан. Кейіннен Алматы қалалық полиция департаменті бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

12 сәуір сағат 08:40-та 102 пультіне Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттың жанынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.Тергеу-жедел тобы оқиға орнын тексерді: әйелдің басы кесілген болып шықты. Оның жеке басы анықталды: 1976 жылы туған азаматша, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған.Біраз уақыттан кейін сол маңдағы сауда орындарының бірінен әйелдің басы табылды, - делінген хабарламада.

Полиция департементі қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелгенін мәлім етті.

Қылмысты ашуға және оның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық істің өзге де мәліметтері жария етуге жатпайды.