"Жаңатасты сатуға келген инвестор": «Қазфосфат» зауытының жұмысшылары бейбіт шеруге шықты

Qaz365.kz редакциясы

Олар жұмысын тоқтатты

Youtube / Айнур Курманов

Кеше Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы «Қазфосфат» зауытының жұмысшылары жұмысты тоқтатып, бейбіт шеруге шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ZTB ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Жұмысшылардың айтуынша инвестор келген соң, ақша құямын деп келеді, бірақ қанша жылдан бері істеп тұрған құрылғылардың бәрі кесіліп сатылып жатқан көрінеді.

«Басшылыққа кадрлық бизнесті тоқтату керектігін айттық. Бізде ешқандай саяси талап жоқ. Жалақымыз көтерілсін. Тонау, ұрлау тоқтатылсын, істеп тұрған фабриканы да жауып тастауда. Бұл қандай инвестор сонда?! Жаңатасты сатуға келген бе?!»- деді жұмысшы азамат.

Ал Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, жұмысшыларының бұрын ұсынған әлеуметтік-тұрмыстық талаптарын шешу үшін комиссия құрылыпты. Ал өңірде қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.