Жаңаөзеннің үш жылдық бюджетіне өзгеріс енгізіледі

Qaz365.kz редакциясы

Құжат 19 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады

Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы "2023 - 2025 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы" шешіміне өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

Ашық НҚА сайтында жарияланған құжатта қала бюжеті 17 138 606 мың теңгеге дейін артатыны айтылған, оның ішінде 11 926 861 мың теңге – салықтық түсімдер.

Айта кетері, өткен жылдың соңында қала бюджеті 11 638 218 мың теңге көлемінде бекітіліпті. Яғни, жаңа редакцияда 5,5 млрд теңгеге артқан.

Құжат 19 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.