Жаңаөзендегі жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Qaz365.kz редакциясы

Қайтыс болғандар саны 4 адам болды

Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңаөзендегі жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қайтыс болғандар саны 4 адам болды.

Бұл жерде ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді, жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ауруханаға жатқызылғандардың барлығы травматология бөлімшесінде ем алады. Ал жағдайы ауыр тұрғындар жансақтау және қарқынды терапия анестезиология бөлімшесіне, бір пациент облыстық ауруханаға жедел авиациялық тікұшақпен жеткізіледі.

«Қайтыс болған азаматтардың отбасына қайғыра көңіл айтамын. Зардап шеккендерге және олардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі, жаңа тұрғын үй беріледі. Апаттық жұмыстарға көмек көрсеткен еріктілер мен қала тұрғындарына алғыс айтамын. Қазіргі уақытта барлық адам үйінділерден шығарылды», - деді Нұрлан Ноғаев.

Үйінділерді тазарту жұмыстары жалғасуда.