Бірде-бір квадрат жерім жоқ: Даниал Ахметов экс-депутаттың сынына жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Берік Дүйсембинов былтыр жердің бәрін әкімдер иеленіп отыр деген болатын

ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов «Өскеменге барсаңыз жердің бәрі Даниал Ахметовтікі» деп айыптаған экс-депутат Берік Дүйсембиновтің сынына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

“Бұл жала сөз. Менде бірде-бір квадрат жер жоқ. Ол кісінің депутат статусы болды. Сондықтан ол кісіге ештеңе айтқан жоқпын. Оның сөзі өте мәдениетсіз”, - дейді Даниал Ахметов. 

Айта кетейік, былтыр желтоқсан айында сол кезде депутат болған Берік Дүйсембинов 5,2 млн гектар жерді мемлекет меншігіне қайтардық деп мәлімдеген Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің баяндамасын сынға алған еді. Сол кезде ол жердің бәрін әкімдер иеленіп отыр деген.

“Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Даниал Ахметовтікі, Павлодарға барсаңыз, Бақауовтікі, Астананың маңайы Шөкеевтікі. Оны айтуға қорқып отыр барлығы”, –  деген еді Берік Дүйсембинов.