"Тәуелсіздік" жариялаған петропавлдық үш тұрғын екі айға қамалды

Qaz365.kz редакциясы

Тергеу жалғасып жатыр

Tengrinews.kz

Солтүстік Қазақстан облысында сепаратизмге қатысты іс бойынша сот үш күдіктіні қамауға алды, - деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

"2023 жылғы 20 сәуірде Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты үш айыпталушыға қатысты 2 ай мерзімге "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, СҚО-дағы "Халық кеңесі" тобына қатысушылардың жиналысы туралы интернет желілердегі хабар бойынша 2023 жылғы 30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментімен сепаратизм дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру басталған болатын.