Ол билік және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды
Алмалы аудандық сотының үкімімен Алматы қаласы бойынша ҰҚКД-ның бұрынғы басшысы билік және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сот үкімімен М. ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы 4-бөлімі бойынша 10 жылға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ ҰҚК генерал-майоры арнайы атағынан айырылып, 6 жылға сотталды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.