Алматы ҰҚКД-ның экс-басшысы 6 жылға сотталды

Qaz365.kz редакциясы

Ол билік және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды

ашық дереккөзден

Алмалы аудандық сотының үкімімен Алматы қаласы бойынша ҰҚКД-ның бұрынғы басшысы билік және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот үкімімен М. ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы 4-бөлімі бойынша 10 жылға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ ҰҚК генерал-майоры арнайы атағынан айырылып, 6 жылға сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.