Анна Башинская мандатымен бірге Amanat партиясымен де қош айтысты

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Аманат партиясының фракция жетекшісі Елнұр Бейсенбаев айтты

facebook.com/Анна Башинская

Украина президенті Владимир Зеленскийге «Қырымның орнына Түркияға шабуыл жасауды ұсынған» депутат Анна Башинская Аманат партиясының қатарынан шығарылды. Бұл туралы Аманат партиясының фракция жетекшісі Елнұр Бейсенбаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видео: t.me/qaz365kz/5182

«Біріншіден, партиялық комитеттің отырысы өтті. Отырысы бойынша ол партия мүшелігінен де шығарылады, мандатынан да айырылады. Алматы қалалық филиалының төрағасы дүйсенбіде айтты. Егер ол (Башинкая) өзі мандатынан айырыламын демесе, бәрібір партия мүшелігінен шыққаннан кейін автоматты түрде өзінің мандатынан айырылатын еді. Сол себептен Анна Башинская ол мәлімдемені күтпей, өз қателігін мойындап, арнайы пост жазып, мәслихат депутаттығы мен партия мүшелігінен кетті», - деді Бейсенбаев.

Оның айтуынша, алдағы уақытта партия ішінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 

«Ол азамат өз қателігін мойындады. Абайсызда ондай комментарий бергенін айтты. Әрине саяси партия болғандықтан, қателікке бой ұрады. Ол өз еркімен кетті», - деді Бейсенбаев.