Күдікті білім беру мекемесі директорының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланған
Шымкентте мектеп бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды Qaz365.kz.
Күдікті білім беру мекемесі директорының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, 67 млн теңге бюджет қаражатын жеке қажеттілігіне жұмсап жіберген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті күдіктіге қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады.
«Қайта қылмыс жасауға жол бермеу мақсатында өңірдің білім беруді қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды. Сондай-ақ, кеңейтілген отырыс өтіп, онда сыбайлас жемқорлық схемалары мен ол үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы әрбір бухгалтерге, мектеп директорына және мегаполистің білім беру саласының басшыларына түсіндірілді» – деді Дәурен Ерғарин.