Президент Тоқаевты ұлықтау рәсімі қай күні өтетіні белгілі болды

Qaz365.kz редакциясы

Бүгін сайлаудың ресми соңғы қорытындысы жарияланды

Akorda.kz

26 қарашада сайлауда жеңіске жеткен Президент – Қасым-Жомарт Тоқаев ант беріп, ұлықтау рәсімі өтеді, деп хабарлайды, qaz365.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысына сілтеме жасап.

"Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының сайланған Президенті ретінде тіркеді. Сайланған Президенттің ант беру күні 26 қарашаға белгіленді", - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Еске салайық, бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өткен Қазақстан Президенті сайлауының ресми қорытындылары жарияланды. Қорытынды бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланды.