Биыл әскери қызметшілердің жалақысы өседі - Президент

Qaz365.kz редакциясы

Әскери ұшқыштардың жалақысы орташа алғанда 60 пайызға өседі

ашық дереккөзден

2023 жылы әскери ұшқыштардың жалақысы орташа алғанда 60 пайызға өседі. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілармиялық кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сондай-ақ осы саладағы оқытушылар мен дәрігерлердің жалақысы да көбейеді. Келесі жылы әскери атақ үшін төленетін айлық ақы 30 пайызға артады.

“Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамту мәселесі де қайта қаралуда. Сержанттарды, офицерлерді әлеуметтік қолдау жұмысы жалғасады. Олар тұрмысына алаңдамай, ел қорғауға сақадай сай болуы керек”, – деді Президент.