Елімізде 7 мыңға жуық әйел әскерде қызмет етіп жүр

Qaz365.kz редакциясы

Жеті әйел - жоғары лауазымдарда.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде 7 мыңға жуық нәзік жан келісімшарт бойынша еңбек етеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің

Оның көпшілігі қатардағы жауынгер, сержанттық және офицерлік қызмет атқарады. 

Оның ішінде 800-ге жуық офицер, 2 мыңға жуық сержант және 4 мыңға жуық қатардағы жауынгер бар.

«Жеті әйел – жоғары лауазымдарда. Атап айтқанда, Қорғаныс министрінің көмекшісі, Қорғаныс министрлігі департаменті бастығының орынбасары, қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, әскери госпиталь, база, орталық және лазарет бастығының орынбасары», - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін елімізде Отан қорғаушылар күні аталып өтіп жатыр.

Сондай-ақ, бүгін ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 31 жыл толды.