Журналист Сутягиннің көлігін өртеді деген күдікті ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Тергеу жалғасып жатыр

polisia.kz

Полиция белгілі журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысының криминалдық полиция қызметкерлері журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні анықтап, ұстады.

"Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тергеу жалғасуда", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 11 мамырға қараған түні журналист Виктор Сутягиннің көлігі өртеніп кеткен болатын.