Қаңтар оқиғасына байланысты істі болған 25 азамат босатылды

Qaz365.kz редакциясы

Қайтыс болған Думан Қанатбектін ісі қысқартылды

Telegram / Azattyq - Азаттық

Алматыда Қаңтар бойынша айыпталған “25-тің сотында” бүгін үкім оқылды. Сот айыпталушылардың барлығына (бір адам – Думан Қанатбек Қаңтар оқиғасында қаза болған) шартты жаза берді. Қамауда болғандардың барлығы босатылды. Бұл туралы адвокат Айнара Айдархан мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

Бұған дейін прокурор айыпталушыларға 2-4 жыл аралығында түрме және шартты жаза сұраған. Айыпталушыларға негізінен "жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты", "қару-жарақ ұрлады", "ғимараттарға шабуыл жасады" деген айыптар тағылған. Айыпталушылардың кейбірі айыпты ішінара мойындаған, кейбірі келіспеген.