Моңғолияда қарлы боран соғып тұр

Qaz365.kz редакциясы

Желдің жылдамдығы секундына 24 метрге дейін жетеді

Ашық дереккөздерден

Моңғолия аумағының басым бөлігінде қарлы боран соқты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Montsame ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Моңғолияның басым бөлігінде, соның ішінде Дундговь, Говьсумбэр, Хэнтий, Сухбаатар, Дорноговь және Дорнод аймақтарында, алдағы күндері салқын күн райы сақталады.

Жауын-шашын жауып, желдің жылдамдығы секундына 24 метрге дейін жетеді.