Павлодар облысында септиктен 4 жасар баланың денесі табылды

Qaz365.kz редакциясы

Бала ата-анасының қарауынсыз қалған

Telegram/ POLISIA.KZ

Павлодар облысында септиктен 4 жасар баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

31 мамырда Мойылды кентінде септикте 2019 жылы туған жас баланың мәйіті табылды.

Анықталғандай, бала ата-анасының назарынан тыс қалып, көрші үйлердің бірінің ауласында орналасқан ағаш палубамен жабылған септикке құлаған.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сараптама тағайындалды.

“ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне бойынша "Адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі", – делінген хабарламада.