Америкада ғашықтар бір мезетте бір-біріне ұсыныс жасады

Qaz365.kz редакциясы

Бір қызығы, мұндай қадамға алдымен әйел, одан кейін ер адам барған

видеодан кадр

Америкада қос ғашық бір мезгілде бір-біріне ұсыныс жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Видеодан жастардың Диснейлендтің алдында бір-біріне үйленуге ұсыныс жасағанын көруге болады.

Бір қызығы, мұндай қадамға бірінші әйел, одан кейін ер адам барған.

Әлеуметтік желі қолданушылары мұндай жағымды сәйкестікті жоғары бағалады.