Құқық қорғаушылар Қаңтар оқиғасы туралы кітап шығарды

Qaz365.kz редакциясы

Кітапта Қаңтарға байланысты 600 оқиға құжатталған

RFE/RL / Asylbek

Қаңтар оқиғасына арналған "Ескертусіз, қасақана ату" деп аталатын баяндама кітап шықты. Бұл туралы бүгін құқық қорғаушылар Алматыда өткен баспасөз жиынында хабарлады. Кітапта Қаңтар оқиғасы кезінде бұзылған адам құқықтары құжат жүзінде баяндалған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

67 беттен тұратын баяндамаға қарағанда, Қаңтарға байланысты 600 оқиға құжатталған. Оның 579-ы куәлердің мәліметтерінен, 9-ы мемлекеттік органдармен жазылған хаттардың қорытындыларынан, 12 оқиға нақты жайттардан тұрады. 217 адамның өлгені анықталған. Тоғыз қала: Алматы, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Қызылорда, Семей, Өскемен, Атырауда өлген 174 адам құжатталған (мәйітхана мәліметіне қарағанда 95 пайызы оқ тиіп өлген).

Қазақстан құқық қорғаушылары Қаңтар оқиғасына байланысты халықаралық тергеу жүруге тиіс деп санайды.

"Қазірдің өзінде баяндама жасап қойдық. Қолымыздағы көп құжатты халықаралық сарапшыларға береміз. Олар содан өздерінің қорытындысын жасап, ұсыныстарын айтады. Яғни билік оларды ресми түрде жібермесе де, біз мәліметтерімізді БҰҰ, ЕҚЫҰ және Еуропа парламентіне береміз, - деді Бақытжан Төреғожина.