Журналист Думан Мұхаммедкәрімнің қайта-қайта қамалуына байланысты министр не деді

Qaz365.kz редакциясы

Оның айтуынша, журналист саяси көзқарасы үшін қамауда отыр

Коллаж: Qaz365.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қамауға алынған журналист Думан Мұхаммедкәрімге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Журналистер өзінің жеке пікірін айтқаны үшін қайта-қайта қамауға алынып жатыр. Сіз осы саланың министрі ретінде пікір білдірмедіңіз. Неге?” – деп сұрады журналистер министрден. 

Дархан Қыдырәлінің айтуынша, Думан Мұхаммедкәрімнің үстінен журналистік қызметі үшін емес, саяси көзқарасы үшін іс қозғалып отыр.

“Біз әріптестерімізге мүмкіндігінше пікір білдіруге, оларға араша түсуге тырысамыз. Кейде әлеуметтік желіде, кейде телефон арқылы. Думан әріптесімізге келетін болсақ, журналистік көзқарасы үшін емес, саяси көзқарасы үшін оның үстінен іс қозғалып жатыр. Бұл жерде оның журналистік қызметіне шектеу қойылып отырған жоқ. Соттың үкімін күтеміз. Егер журналистік қызметі үшін болса, біз болысамыз”, – деп жауап берді министр.