Абай облысындағы өртті сөндіруге 300-ден астам адам жұмылдырылды

Qaz365.kz редакциясы

Төрт тікұшақ тартылды

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

"Семей орманы" резерватындағы өртті сөндіруге 300-ден астам адам жұмылдырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 маусым күні таңертең Семей орманындағы өртті сөндіруге қатысып жатқандар саны екі есеге артты. Қазір оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің, Орман шаруашылығы комитетінің, Қорғаныс министрлігінің 300-ден астам адамы, 70 техникасы жұмыс істеп жатыр.

"Төрт тікұшақ тартылды, өрт аумағы аэровизуалды тексеріліп, өрт ошақтарына су төгілді", – делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің өкімімен күштер мен құралдарды үйлестіру үшін өрт орнына ТЖ вице-министрі М. Күлдіков жіберілді.