Абай облысындағы өрт: жоғалып кеткен ер адамның тракторы табылды

Qaz365.kz редакциясы

Ер адам екі күннен бері іздестіріліп жатыр

tengrinews.kz

Абай облысындағы өртті сөндіруге көмектесуге шығып кеткен Сергей Архиповтің тракторы табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1987 жылы туған ер адам екі күннен бері іздестіріліп жатыр. Ол соңғы рет 10 маусымда байланысқа шыққан.

Архиповтің тракторы 12 маусымда Дмитриевка ауылынан 5 шақырым жерде табылған.

"Архипов Сергей Николаевичтің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Егер сізде С.Н. Архиповтің орналасқан жері бойынша қандай да бір мәліметтер болса, 102 телефонына немесе жақын жердегі полиция бөлімшесіне хабарлауыңызды өтінеміз", - дейді полиция өкілдері.

Сергей Архиповті үйінде әйелі мен екі баласы күтіп отыр.