Серік Күдебаевтың шекарадан қалай өткені белгілі болды

Qaz365.kz редакциясы

Ол 10 жылға сотталды

alataunews.kz

 Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Серік Күдебаевтың Қырғызстанға қалай өтіп кеткенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ол шекарамыздан тыс жерден Қырғыз мемлекетіне өтіп кеткен. Шекараға жеткізген көлік жүргізушісіне де оның мұндай әрекетке баратыны белгілі болған. Сол себепті өзі де жауапкершілікке тартылып жатыр. Ол (Күдебаев) шекараның өткізу пунктінен өтпеген. Кеген ауданында шекара темір торының астын көтеру арқылы өтіп кеткен», - деді ол Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның айтуынша, осы жайтқа байланысты Серік Күдебаевтың үстінен мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін қосымша қылмыстық іс қозғалған.

Еске сала кетейік, Алматы облыстық полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша 10 жылға сотталған болатын. Бірақ ол сот үкімімен келіспей, апелляцияға берді.