Абай облысындағы өрттен қаза тапқан орманшы әйел жүкті болған

Qaz365.kz редакциясы

Сондай-ақ артында бір ұл, бір қызы қалды

ашық дереккөзден

«Семей орманы» резерватында пайда болған алапат өрттен қаза болған жалғыз әйел орманшы – Мейрамгүл Жиенбаеваның артында бір ұл, бір қызы қалды. Бұған қоса орманшының аяғы ауыр екені белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Nege.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы журналист Самал Ибраева мәлім етті. 

«Қаза болған Мейрамгүлдің аяғы ауыр болған екен… Үйде кішкентай балалары қалған. Иманды болсын…», — дейді Самал Ибраева.

Көпшілік бейбіт күнде шейіт болған әйелдің аруағына құран бағыштап, жақындарына қайғыра көңіл айтты.