Төреғали Төреәлінің мас күйінде көлік айдап ұсталғаны туралы видео тарады

Qaz365.kz редакциясы

Алматы полициясы жағдай анықталған соң, толығырақ ақпарат беретінін мәлім етті

alataunews.kz

Әлеуметтік желіде белгілі әнші Төреғалі Төреәлінің Алматы қаласында мас күйінде көлік айдап ұсталған видеосы тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Желіде даусы әншіге ұқсайтын адамның ұсталғанын көруге болады. Ол  Lexus көлігінің тізгінінде болған. Бірақ әзірге Төреғалидың нақ өзі ме, жоқ па расталмады.

Алматы полициясы жағдай анықталған соң, толығырақ ақпарат беретінін мәлім етті.

Айта кетейік, бұған дейін ол "Көлсай көлдері" ұлттық саябағының аумағында гидті дұрыс көзқараспен қарамағаны үшін соққыға жыққан еді. Сосын Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркеліп, Төреғали Төреәлі қамауға алынған болатын.  Кейін 10 миллион теңге кепілге беріп, бостандыққа шықты.